0:00 / 0:00
Мемлекет бірнеше жылдан бері жан басына шаққанда табысы аз отбасыларға арнайы арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындап келеді. Азаматтарды әлеуметтік қолдау шарасы Оралда да өз жалғасын тапқан. Сала мамандары өткен жылы облыс орталығында 2400-ге жуық тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алу үшін орталыққа жолыққанын айтады. Алайда осы азаматтардың тек 1500 ғана демеу қаржыға ие болған. Олар әрбір тоқсан сайын тиісті құжаттарын тапсыруы шарт.