0:00 / 0:00
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын"-деген ғибратты сөзді ұстанған оралдық ата-аналар мектеп аулаларына тал егіп, ағаш отырғызуда. Игі дәстүр №50 мектепте өз жалғасын тапты. Оқуда озат, мектептің қоғамдық өміріне араласып, тәртібі өзге өрендерге үлгі болатын оқушылар ата-аналарымен бірге сауапты іске атсалысты.
Қала мектептері облыс орталығын күл-қоқыстан тазартып, жаңадан тал-теректердің санын арттыруға белсене атсалысып келеді. №50 мектепте "Жас ұлан" ұйымына мүше оқушылар және олардың ата-аналары педагогтермен бірлесе білім беру ұйымының ауласына тал екті.
Мектеп ауласына баласымен бірге көшет отырғызған ата-аналар бұл үрдісті келешекте жалғастыратынын айтады.
Табиғатты қорғаушылар флора мен фаунаны көздің қарашығындай сақтауға шақырады.
Мектеп әкімшілігі болса жаңадан отырғызылған тал-теректерді күтіп, баптаймыз,- дейді. Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Аталмыш іс-шара барысында шаһар билігі қала мен облыс орталығына қарасты барлық мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер 7000 түп ағаш отырғызады деп мәлімдеді. Күні бүгінге дейін ата-аналар мен демеушілердің есебінен 2000-нан астам ағаш отырғызылған.