Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ата-ананың талабы

c 17:47, 04/03/2019 c 883

0:00 / 0:00

Ақпанның 26-сы күні Атырау-Орал тас жолында жолаушы тасымалдайтын автобус пен жүк көлігі соқтығып, салдарынан 3 адамның мерт болғандығын хабарлаған едік. Жол көлік оқиғасына тап болған автобустың ішінде 15 кәмелетке толмаған жас спортшылардың болғандығы да айтылған еді. Қазіргі таңда жасөспірімдердің 12-сі Оралға оралған. Апаттан ауыр жарақат алған 3 бүлдіршін Атырау облысының ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Жол көлік оқиғасына тап болған жас спортшылардың ата-аналары медициналық көмек пен балалардың амандығына алаңдап, тиісті сала мамандарымен кездесті.

Атырау-Орал тас жолында апатқа түскен 15 баланың ата-анасы "Орал" спорт клубында бас қосты. Бауыр еті баласының амандығына алаңдаған ата-аналар қауымы арнайы спорт бөлімі мен тасымалдаушы компанияның иелерімен кездесіп, қордаланған сауалдарын жолдап, талап-тілектерін білдірді.

Қазіргі таңда 15 жеткіншектің 12-сі Оралға келген. Ауыр жарақат алған үшеуі Атыраулық ауруханада тиісті емін қабылдап жатыр. Жарақат алған жас спортшылардың бірі -Арсен Болат. Оның аяғы сынып, жамбасына зақым келген. Жеткіншектің ата-әжесі немересін Оралға алдыртуды сұрапты.

Ата-аналар қауыммен жүздескен қалалық спорт бөлімінің басшысы оқиғаға байланысты жан-жақты қызметтік тергеу жүргізгендігін мәлімдеді. Бөлім басшысының сөзіне сенсек, жаттықтырушы жарыс болатын күндері өз есебінен демалыс алып, балаларды Атырауда болатын жарысқа апарғысы келген. Жарыстың жол пұлын ата-аналар қауымы өз қалталарынан төлеген. Ал, жеткіншектердің Атырауда өтетін жарысқа қатысу биылғы жоспарға енбепті.

Жас спортшылардың ата-аналары қаржылық қолдау көрсету туралы сауалды ортаға салған еді. Материалдық қолдауға қатысты тасымалдаушы компанияның басшысы былай деп мәлімдеме жасады.

Ата-аналардың талап -тілегінің баршасын қалалық спорт бөлімінің басшысы тізбектеп жазып алып, қандай да бір қиындық туындаса хабарласыңыздар деп жеке нөмірін қалдырған болатын.
Дені сау баласын жарысқа ширасын деп жіберген ата-ананың талап-тілебі қаншалықты орындалатындығы уақыттың еншісінде қалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.