Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АТА-АНАЛАР БАЛАЛАРЫН ОТБАСЫНА ҚАЙТАРУҒА АСЫҚПАЙДЫ

c 16:23, 02/08 c 52

0:00 / 0:00

Ата-аналар бала алдындағы жауапкершіліктен қашып, бағып-қағу үшін тастап кететіні туралы жиі естиміз. Мұндай жағдай әсіресе бұл санаттағы балаларға көмек көрсететін мекемелерде байқалады. Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 36 бала тәрбиеленуде. Оның – 5-еуі тұл жетім. Қалған балалар ата-анасының құқығына шектеу қойылуына байланысты осында. «Өкінішке орай, қазір ата-аналардың балаларын тәрбиелегісі келмейтін тенденция қалыптасты», - дейді облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының маманы.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

ГҮЛШАТ ӘНЕСОВА

ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГІ

Оралдағы балалар үйінде де әртүрлі тағдырлас балалар тәрбиеленуде. Ұйымда екі бөлім бар: тәулік бойы және күндізгі. Тәулік бойы жұмыс істейтін бөлімде балалар белгілі себептермен тұрақтайды. Ал күндізгі бөлімге өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы балалары келеді. Мекемеде логопед, психолог, реабилитолог, тәрбиешілер мен тәртіп сақшылары жұмыс істейді. Балалар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: медициналық көмек, күтім жасау, дұрыс тамақтану және таза киім-кешек. Қазіргі уақытта тәуліктік күтімде 8, күндізгі бөлімде 14 бала бар.

СВЕТЛАНА ЕРМЕКҚАЛИЕВА

«МЕЙІРІМ» ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨБЕКТЕР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.