Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ата-ана құқығынан айырылғандар қатары артып барады

c 17:29, 21/02/2018 c 1246

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстанда ата-ана құқығынан айырылғандар саны жыл санап көбеюде. 2016 жылы бұл көрсеткіш 42-ні көрсетсе, өткен жылы 50 жұп өзінің ата-аналық құқығынан айырылған. Заман озған сайын қоғам неге азып барады? 2017 жылы сот төрағасы 50 ата-ананы ата-ана құғынан айырыпты. Бұл дегеніңіз, әр шаңырақта бір баладан болғанның өзінде 50 бірдей бүлдіршін тірі жетім атанды. 50 отбасының шаңырағы шайқалды деген сөз. Сот төрағасы да бұндай шешімнің оңайлықпен қабылданбайтындығын айтады. Бұл - шекті шара. Түзелместей ішкілікке салынып, не ата-ананың өзі бауыр еті баласынан бас тартса ғана осындай суыт шешім шығады. Ал бұндай «аяусыз» шешімге психолог мамандар не дейді? Райса Отарқызы дүниеге сәби әкелмес бұрын түпкілікті түрде ойлану керек дегенді айтады. Жауапкершілікті талап ететін «ата-ана» рөлін кім көрінген иелене алмайды. «Алайда, бүгінде барлығы керісінше,» - деп налиды психолог маман.

Райса Байдалиева
психолог

Балаларды тек қажеттілік болған кезде туып, отбасыны да тек дайын болғанда ғана құру қажет. Өзін қаламаған отбасыда дүниеге келген сәбиге кейін қиын болады. Кейбіреулер өздері-өздерін асырай алмай жүріп, бала тәрбиелеуге тырысады. Бұл қиындық - қоғамның дерті. Мен бала асырап алу орталықтарын көбейтіп, бейби бокстар орнатуды ұсынар едім.

Өзекті мәселені қоғамның дертіне теңеген психолог бұл қиындықтан тек алдын-алу ақылы ғана құтылуға болатынын айтады. Ол үшін «отбасылық құндылықтар» деген асыл сөзді түйсікпен түсіну қажет.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.