0:00 / 0:00
Облыс орталығында тұрғын үйдің жанында ер адам асулы күйі табылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 2 маусым күні болған. Таңертең сағат 09.42-де жедел жәрдемге қоңырау шалынған. У.Громова көшесі 2/1 мекенжайындағы көпқабатты үйдің маңында жасы шамамен 30-35 жастағы ер адамның асылып тұрған денесі табылған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын жеткізді.