Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Асыққан жолаушы  

c 09:33, 24/05/2021 c 505

0:00 / 0:00

Қазір елорда әуежайына келген жолаушылар Ashyq қосымшасындағы мәртебесін анықтамай, ғимаратқа кіре алмайды.  Қосымша жасыл, көк түсті көрсеткен жағдайда, асыққан жолаушыға жол ашық. Бұл ковид инфекциясының таралуын азайту үшін жасалған шара екені мәлім. Алайда, кейбір азаматтар қауіпті індетті жұқтырғанын біле тұра, көпшілік жерге, жол жүруге әрекет жасап жатады. Цифрлық даму министрлігінің департамент директоры Бекболат Молдабековтің айтуынша, ашық арқылы статусы қызы түс көрсеткен 2,5 мың адам тіркелді. Елорда әуежайында 52 жолаушы ковид жұқтырғаны мәлім болды. Өкінішке орай, әуежай талабына көнбей, төбелес шығарып жататын жолаушылар да бар. Еске сала кетейік, 20 мамырда яғни кеше елордалық Ashyq қосымшасы арқылы тіркелмей, әуежайдың ғимаратына жолаушылар үшін қарастырылмаған кіреберіс арқылы кіруге тырысты. Аяғында әуежай қызметкеріне қол жұмсады. Назарбаев әуежайы бұл азаматты сотқа бермек.

Бір-екі күн бұрын  Ashyq қосымшасы жұмыс істемей қалып, халықты әбігерге түсіргенді. Қазақстанда 1,5 млн адам осы қосымшаға тіркелген. Әуежайға келген жолаушылар да осы келеңсіздікке тап болды. Цифрлық даму министрлігі қосымшада техникалық ақаулар орын алды деп отыр. Тіркелушілер саны артқандықтан, қосымшаның шамасы жетпей қалған. Енді Ashyq-ғы ақаулар жөнделді дейді мамандар. Ал оның баламасы ретінде  aitu қосымшасын жасап шықты. Ashyq қосымша жасыл, көк түсті көрсеткен жағдайда, асыққан жолаушыға жол ашық. Бұл ковид инфекциясының таралуын азайту үшін жасалған шара екені мәлім. Алайда, кейбір азаматтар қауіпті індетті жұқтырғанын біле тұра, көпшілік жерге, жол жүруге әрекет жасап жатады. Цифрлық даму министрлігінің дерегінше, ашық арқылы статусы қызы түс көрсеткен 2,5 мың адам тіркелді. Елорда әуежайында 52 жолаушы ковид жұқтырғаны мәлім болды. Енді мамандар ашыққа  вакцинация паспортын енгіземіз деп отыр. Екпе жасатқандардың статусы жасыл түсті көрсетеді.

Өкінішке орай, карантин кезінде әуежайдың талабына бағынбай жататын жолаушылар да жоқ емес. 20 мамыр күні елорда әуежайында «Ashyq» үшін төбелес шығарған азаматты әуежай сотқа бермек.

Дәулет Хамзин – Назарбаев халықаралық әуежайының атқарушы директоры «Жолаушы әуежайға  бас көктеп кірмекші болды. Ол жолаушылар үшін қарастырылмаған кіреберіс арқылы кіруге тырысты. Сондай-ақ «Ashyq»-та тексеру процедурасынан өтпей, біздің қауіпсіздік қызметкерінің өтуге тыйым салынғаны туралы ескертулеріне агрессия мен шабуыл жасады. Біз өз тарапымыздан оқиға орнынан бірден қашып кеткен жолаушыны табу бойынша іс-шаралар өткіздік. Оны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жүгінеміз»

Осылайша әуежайда бүлік шығарған азаматқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Жолаушыдан жапа шеккен қауіпсіздік қызметкері жеңіл дене жарақаттарын алған. Пандемия барысында жолаушылар саны да төмендеді. Алайда, жолаушы тасымалынан пайда көріп отырған елорда әуежайы тығырықтан шығу жолын таптық дейді.

Дәулет Хамзин – Назарбаев халықаралық әуежайының атқарушы директоры «Әуежай мемлекет меншігінде екенін білесіздер. Пандемия барысында бюджеттен бір тиын ақша тартпадық. Тығырықтан шығу үшін өз қызметімізде табыс табуың жолын іздедік. Әуежай жолаушылар тасымалынан пайда көреді. Карантинде жолаушылар саны азайғандықтан, жүк пен тарнзит тасымалына басымдық жасадық. Қазір әуежай кірісінің 70 пайызы жүк пен транзит тасудан түсіп жатыр»

Бүгінде 90 жылдық тарихы бар әуежай карантин кезінде шаруашылықтағы жұмыскерлерімізді толық сақтап қалдық дейді.Тек басқарушы бөлімде қысқартулар болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.