Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Асханада талаптар бұзылған

c 17:36, 23/05/2019 c 1102

0:00 / 0:00

Мектеп асханасындағы қызметті жақсарту үшін бұдан былай кәсіпкерге 3 жыл көлемінде бір мектепте жұмыс жасауға мүмкіндік берілмек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мәлімдеді. "Ақжайық адалдық алаңы" кеңсесі жұмысын бастағалы бері бірқатар саладағы олқылықтардың орны толтырылып, мемлекеттік мекемелерде осы кезге дейін жіберілген қателіктер түзетілді. Бұл жолы спикерлер мектеп асханасындағы кейбір заңбұзушылықтарды анықтаған. Мәселен ас мәзірінің стандарттарға сай келмеуі, таза суды ішуге ар­налған диспансерлардың бол­мауы, кей тағамдардың салмағының аздығы, пластмас­садан жасалған және жарығы бар ыдыстарды қолдану сияқты  заңбұзушылықтарға жол берілген. Сонымен қатар бұдан былай мектеп директорлары мемлекеттік сатып алу процесіне қатыспайтын болады. Бұл жұмыстар енді орталықтан қадағаланбақ.  Кез келген мемлекеттік мекеме жұмысын «Ақжайық адалдық алаңы» кеңсесі нысанға алуда. Соңғы үш айда облыстың барлық аудандарында кеңсе филиалдары ашылып үлгерген.Сала мамандары негізінен медицина және  білім саласында көптеген заңбұзушылықтардың орын алатынын да жасырмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.