Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТҰРАЛАП ТҰР

c 11:06, 09/09 c 42

0:00 / 0:00

Бүгінде үкіметтің алдында ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауды екі есеге арттыру туралы Президенттің тапсырмасы тұр. Сенат депутатының мәліметінше, биыл диқандар 17 млн тонна астық жинайды деген болжам бар. Қазір қйомаларды өткен жылғы астықтың 4,5 тоннасы жатыр. Ал астықты тұтыну көлемі 12,6 млн тоннаны құрайды. Өтеғұлов бұған биылығ астықты қоссақ қоймаларда 9 млн тонна қалмақшы дейді. Ал қазір Қазақстан ауыл шаруашылық саласында шикізат экспортына ғана басымдық беріп отыр. Көрші Қытай мен Өзбек қазақстандық астықты қайта өңдеп, оны халықаралық нарыққа жеткізуде. бізде қайта өңдеу тұралап қалған.

Сонымен қатар сенатор Қазақстанның импорттық тұқымдарға тәуелділігіне де алаңдаушылық білдірді. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты 12 ғылыми-зерттеу институты және элиталық 17 тұқым өндіруші шаруашылықтар жұмыс жасайды. Алайда осы иниституттар зерттеулерінің оң нәтижесін көріп отырған жоқпыз деп сынады депутат.

Сенатор үкіметке жолдаған сауалында елдің азық-түлік қауіпсіздігін және ауылшаруашылығы өндірушілерінің көрші елдермен бәсеке қабілетті болуын қамтамасыз ету бағытында нақты жобаларды іске асыру қажет деді. Импорттық тұқымға деген тәуелділікті жою мақсатында арнайы бағдарлама әзірлеу керек. Астықты терең өңдейтін кәсіпорындардың санын арттырып, мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру мәселесі қаралуы тиіс. Кәсіпорындарға өнімдерін экспорттауға қолдау жасап, экспорттық шығындардың бір бөлігін мемлекет тарапынан қаржыландыруды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.