Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТАНАҒА НАУАИ ЕСКЕРТКІШІ ҚОЙЫЛДЫ

c 17:38, 12/08 c 40

0:00 / 0:00

Өзбек Президентінің елімізге мемлекеттік сапары мәдени шаралармен жалғасын тапты. Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер Әлішер Науаидің еңселі ескерткіші Астанада бой көтерді. Айтулы шараға қазақ-өзбек басшылары Тоқаев пен Мирзиеев қатысты. Сондай-ақ, ескерткіштің ашылу салтанатында Қазақстан мен Өзбекстанның ресми делегация мүшелері, екі елдің зиялы қауым өкілдері де бой көрсетті. Ұл ойшылдың ескерткішіне елорданың төрінен орын бұйырды. Қазақ Президенті Әлішер Науаидың ескерткішінің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі деді.

Әлішер Науаидың туындылары мен еңбектерін қазақтың ұлы жазушылары мен ақындары жоғары бағалаған. Шоқан Уәлихановтың Науаи шығармашылығын алғаш зерттеушілердің бірі болса, Абай Құнанбаев оны өзіне ұстаз санаған деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әлішер Науаидің аты тарихта талантты мемлекет қайраткері, ғылым мен өнердің қолдаушысы ретінде жазыып қалды. Білім мен мәдениетті насихаттап, көптеген медреселер мен кітапханалардың салынуына себепкер болған.
Өз кезегінде Өзбек Президенті Қазақстан халқына алғыс айтып, ұлы ойшылдың шығармашылығы ортақ қазына деп бағалады.

ШАВКАТ МИРЗИЁЕВ – ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «Ерекше ризашылығымды атап өткім келеді. Өзбек пен қазақ туысқан халық. Екі елдің тарихы, мәдениеті, салты мен дәстүрі бір. Біз мұны қастер тұтамыз. Қазақтың көрнекті ақыны, марқұм Несіпбек Айтұлы 2020 жылы Әлішер Науаидың ең басты еңбегі «Хамсаны» қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарғанын ерекше ықыласпен айтқым келеді. Ал бұл шығарманың алғысөзін Қазақстан Президентінің өзі жазғаны бізге зор қуаныш сыйлайды. Науаи ескерткішінің ашылуы екі елдің бауырластығының бір көрінісі»

Айта кету керек, Шавкат Мирзиеевтің елімізге сапары одан әрі жалғасады. Ол Орталық Азия елдерінің басшылары бас қосқан Саммитке қатысады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.