0:00 / 0:00
Астана күні мерекесін тойлауға ассамбея өкілдері де ат салыспақ. Бұл туралы «Астана - ұлы дала елордасы» атты жиында мәлім болды. Сондай-ақ, шара барысында 20 жылдық мерейтой қарсаңында атқарылатын істер да жоспарланған болатын. Елімізде 140қа тарта ұлт өкілі тұрады. Олар бас қосқан ассамблея шаңырағы түрлі іс-шаралар өткізуге мұрындық болып отырғаны рас. Еліміздегі 1071 этномәдени бірлестік былтыр он бес мыңға жуық іс-шара өткізіп, оған үш жүз мыңнан астам адам қатысқан. Мереке қарсаңында Достық үйінің төрінде ұйымдастырылған шарада да этномәдени бірлестік өкілдері, қоғамдық келісім мүшелері арнайы бас қосты. Алқалы жиында сөз алған қатысушылар Елордамыз Астананың тарихын насихаттаудың маңызын атап өтті.