Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТАНА ҚҰРЫЛЫСЫ СҰРАҚ ТУДЫРАДЫ

c 19:52, 15/11 c 1

0:00 / 0:00

1998 жылы Ақмола еліміздің астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Алайда, билік ауысқанда елорданың да атауы ауысып, кейін Астана атауы қайта оралды. Астана астана болғалы қаладағы құрылыс тоқтаусыз жүріп жатыр. Себебі, елордаға қоныс аударушылар саны жыл сайын артуда. Ресми мәліметке сүйенсек, қала тұрғынадрының саны 1 млн 300 мыңнан асады. Ал биресми дерек бұдан да көп болуы мүмкін. Әсем қалада зәулім ғимараттар, көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Бірақ сол құрылысқа қатысты мәселе көп дейді сенатор Ершов. Депутат үкімет пен қала әкіміне сауал жолдап, Астанадағы қала құрылысын дамытудың проблемалық мәселелеріне назар аударды. Сенатордың айтуынша, қаланың тұрғын үй кешендерін салу көбінесе тиісті жоспарлаусыз және бақылаусыз жүзеге асырылады. Депутат өзі тұрып жатқан «Нұрлы жол» бульвары, «Хан Шатыр» СОО және «Әбу-Даби плаза» көпфункционалды кешенінің айналасындағы тұрғын үйлердің ауданында әлеуметтік нысандар жоғын айтты.

СЕРГЕЙ ЕРШОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ "Мұндай аудандарда тұрғын үй кешендері белсенді салынуда, алайда, өкінішке орай, олардың айналасында мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер және спорт нысандары сияқты әлеуметтік инфрақұрылым жоқ. Қала тұрғындары қаланың басқа бөліктерінде орналасқан мекемелерге баруға мәжбүр».

Сондай-ақ, Астанадағы көптеген әлеуметтік нысандар қолжетімділігі шектеулі аудандарда орналасқан, бұл қауіпсіздік мәселесіне қатысты сұрақ тудырып отыр деді ол. Сенатордың айтуынша, бұл мекемелерге кіреберістер мен шығаберістер көбінесе бір мезгілде автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін пайдаланылады, бұл балалар үшін қауіп төндіріп отыр.

СЕРГЕЙ ЕРШОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ "Көптеген тұрғын үй кешендері өз аумақтарын қоршаулармен және шлагбаумдармен қоршайды, бұл қауіпсіздікке қосымша қауіп төндіреді. Төтенше жағдайларда медициналық және құтқару қызметтері осы тосқауылдардың салдарынан оқиға орнына жете алмауы мүмкін ".

Осыған байланысты депутат барлық қажетті әлеуметтік нысандар - мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер мен спорт нысандарын ескере отырып, жаңа аудандарды кешенді жоспарлауды қамтамасыз етуді ұсынды. Қандайда бір құпрылысқа рұқсет бермес бұрын қаланың бірегей стиліне сәйкес келетін және сәулеттік үйлесімділікке кепілдік беретін нақты сәулет стандарттарын белгілеу қажет. Сондай-ақ ауданның инфрақұрылымдық қажеттілігін алдын ала зерделемей тұрғын үй кешендерін салуға шектеу енгізу керек деген ұсынысын алға тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.