0:00 / 0:00
Орал қаласында 2001 жылы туылған ер азаматтардың әскери тіркеуі басталды. Тіркеу барысында 17 жастағы жеткіншектердің денсаулығын тексеру жоспарланып отыр. Шараның негізгі мақсаты келешекте әскери сапқа тұрып, Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздарды анықтау болып табылады. Бүгінгі таңда қала аумағында 1400-ден астам 17 жастағы ер азамат бар. Қаңтар айында басталған әскери тіркеу наурыз айында аяқталмақ.