Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРИ ШЕН ҮШІН ЖАЛАҚЫ ӨСЕДІ

c 17:15, 07/05/2023 c 88

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери атақ үшін айлық ақыны көтеруді тапсырды. Бұл орайда мемлекет басшысы биыл әскери ұшқыштардың орташа жалақысы 60 пайызға артатынын айтты. Ал армияны трансформациялау бойынша күрделі міндет тұр деді. Бұл жайында Президент Отан қорғаушылар күні қарсаңында елордада өткен бүкілармиялық кеңес барысында мәлімдеді. Айтулы жиынға қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық ұлан және тағы басқа әскери құрылымдар түгел қатысты.

7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Президент әскерилер үшін маңызды біраз жаңалықты жария етті. Әскерилердің айлығын өсіру, сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери атақ үшін айлық ақыны көтеруді тапсырды. Бұл орайда мемлекет басшысы биыл әскери ұшқыштардың орташа жалақысы 60 пайызға артатынын айтты.

Сондай-ақ, әскери қызметшілердің зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатқанын да жеткізді. Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық ұлан және тағы басқа әскери құрылымдар түгел қатысқан жиында әскери дайындық пен армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері талқыланды. Тоқаев армияны трансформациялау бойынша күрделі міндет тұр деді.

Әскери қызметтің беделін және жауынгер мәртебесін арттыру қажеттігі де сөзге тиек болды. Әскерде қызметте болу үлкен абырой саналуға тиіс. Біз бұған қажетті барлық жағдайды жасаймыз деді президент. Өздеріңізег мәлім, бүгінгі күні армия қатарындағы жастардың әскерге барып, отан алдындағы борышын өтеуге құлшынып тұрған жоқ. Әскерден жалтару көп. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы әскерге барудан жалтарып жүргендер саны 30 мыңды құрады. Ал қорғаныс министрі өз ұлдарын әскерге жіберуге дайын ба?

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Менің балаларым әскер жасына жеткен жоқ. Әрине әскерге барады. Менің үш ұлым бар. Үлкенім студент. Ол жоғарғы оқу орнында инженер мамандығын игеріп жатыр. Болашақта қарулы күштерде инженер болады. Ол міндетті. Ал ортаншы ұлым үш жаста. Кіші ұлым Дінмұхаммедтің туғанына екі апта ғана болды. Екі қызым бар.»

Енді жастарды әскерге тарту үшін борышын өтеп келген азаматтарға жоғары оқу орнына жеңілдікпен түсуге, несиесін уақытша тоқтата тұруға, өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығуына мүмкіндік жасалып жатыр. Президент Тоқаев сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет екенін баса айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.