0:00 / 0:00
Қазіргі таңда Отан алдындағы адал борышын өтеуге аяқ-қолы балғадай, жасы келген азаматтардың енжарлық танытуының қасында, оқушылардың әрекеті нағыз ерлікке пара-пар. 5 күн бойына спорттың түрлері мен әскери жаттығуларды орындаған оқушылардың басым бөлігі болашағын әскери қызметпен байланыстырады. Далалық әскери жиынға 10-шы сыныпта оқитын балалар қатысып отыр. Бойларында патриоттық сезімдері жалындаған оқушылар бір қалыпта адымдап, темірдей тәртіпке бағынуға үйренген. 5 күннің ішінде біраз шынықтырып, әскери өмірдің дәмін татуға мүмкін туғызу-жастайынан отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру үшін қажет, дейді ұйымдастырушылар.Бұл жиында жасөсіпірімдер өзін-өзі қорғай білу әдістеріне де зор көңіл бөлген. Оқушылардың қай-қайсысы да Отан алдындағы борышын өтеуге дайын екенін айтып, оны борышымыз деп санайды. Болашақта әскери қызметкер болуды армандайды. Сыныптастарының өнерін тамашалауға келген қыз балалар аз уақытта олардың өзгеріп, есейіп кеткені аңғарылады дейді. 5 күндік далалық жиынға қатысып, сарбаз деген атауға лайық болу үшін, біраз тер төгіп, төзімділікті сынау қажет екендігіне көз жеткізген оқушылар жауынгерлік міндеттің күрделілігіне көз жеткізіп, маңыздылығын ұғынған.