Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРГЕ БАРУ ҚАУІПТІ МЕ?

c 10:30, 05/12/2022 c 1880

0:00 / 0:00

Қоғамда қызу талқыланатын мәселенің бірі-тепсе темір үзетін жас жігіттерді әскер қатарына шақыру. Неге жастар отан алдындағы борышын өтеуден қашқалақтайды? Бұл сұраққа сенат депутаты Дана Нұржігіттің сауалынан жауап іздеп көрдік. Сенатор Үкімет басшысына жолдаған сауалында, әскердегі проблемаларды, өлім-жітімді және әскерилердің әлеуметтік мәселесін көтеріп, осыған аса назар аударуды сұрады.

18 бен 27 жаса аралығындағы жас жігіттерді әскер қатарына шақыру Қорғаныс министрлігі үшін басты мәселе болып отыр. Себебі, жастардың бәрі бірдей отан алдындағы борышын өтеуге құлшынып тұрған жоқ. Бұған әскердегі әлімжеттік, өлім-жітімнің орын алуы да бірден-бір себеп әрине. Сенат депутаты Дана Нұржігіттің айтуынша, 13-14 жастағы ер балалардың денсаулығы, тән саулығы, психикасы, психологиясы үнемі бақылауда болуы керек. Әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше ол баланың бүкіл психо-физикалық портреті, барлық ақпарат арнайы электронды кітапшада жиналып тұрғаны дұрыс. Қазірге кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалаларды әкетіп жатыр.

Сондай-ақ, депутат әскери қызметшілердің қоғамдағы мәртебесін көтеру керек дейді. Ол үшін әскерилердің материалдық жағдайын жақсарту қажет.

Осыдан кейін барып, әскери адамның қоғамдағы мәртебесі туралы сөз қозғаудың өзі артық дейді сенатор. Дана Нұржігіт үкімет басшысына арнаған депутаттық сауалында әскерге шақырылатын және әскерге шақырылғандардың денсаулығын сақтау және қадағалау, олардың денсаулығының электрондық тіркелімін жасау және әскери қызметшілердің әл-ауқатын жақсарту туралы ұсыныстарын алға тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.