243 батысқазақстандық өкпе обырына шалдыққан. Дәрігерлер биыл жаңадан 141 жағдайды анықтапты. Өкпе обырына шалдыққан науқастардың 183-і арнайы ем-дом қабылдапты. Олардың 48-іне ота жасалған. Сала мамандары облыс тұрғындарының арасында өкпе обырына шалдыққан жандарды ерте анықтау үшін арнайы он күндікті жариялап отыр. Аталмыш шара барысында барлық азаматтар өкпесін тексерте алады.