0:00 / 0:00
ҚР "Ұлттық сараптама орталығының" БҚОФ ашық есік күні өтті.Шара барысында орал қаласының тұрғындарына сараптама орталығының зертханалары таныстырылды.Жалпы бұл жерде 5 зертхана жұмыс жасайды.Заманауи құралдармен қамтылған зертханаларда түрлі зертханалық тексерістер жасауға мүмкіндіктер жасалған.Ашық есік күні барысында санэпед мамандар күзгі уақыттағы жеміс - жидектердің құрамындағы зиянды заттарды анықтауға болатындығын мәлімдеді.Әрі дәрігерлер күзгі уақытта тұмаудың алдын -алу, таралу жолдарынан сақтану мәселесі туралы азаматардың сұрақтарына жауап берді.