27-ші наурызда облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Аталмыш шара ішек обырын анықтауға арналып отыр. Қазіргі таңда БҚО-да 7000 астам адам обыр дертімен арнайы есепте тұр. Оның 700-дейі осы ішек обырына шалдыққан. Мамандар обырды ерте анықтау үшін медициналық тексерістен өтуге шақырады. Ол үшін 52-50-41 телефон нөміріне хабарласып, дәрігердің қабылдауына ертерек жазылу керек.