0:00 / 0:00
Бүгін коворкинг орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бірнеше басқарма басшылар жастар өкілдерімен кездесті. Ашық форматтағы басқосуға келген жастар аға буын өкілдеріне мемлекеттік қызметтегі бірқатар артықшылықтар туралы баяндады. Сала мамандарының айтуынша бүгінде ел игілігі жолында еңбек етуге жастар өкілдерінің қызығушылығы жоғары. Мемлекеттік қызметшілермен ашық алаңдағы басқосу бұған дейін де бірнеше мәрте ұйымдастырылғаны аян. Көп жағдайда жастардың оқу орнын аяқтап жас маман атанған соң жұмысқа орналаса алмай уақытты құр өткізетіндері жасырын емес. Сол себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің мамандары мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың негізгі тәртіптері туралы баяндады. Еркін форматтағы кездесуде мемлекеттік қызметшінің беделі, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы сенімді қарым-қатынастарды орнату жөнінде сөз қозғалды. Бұл туралы департамент басшысылары қатысушыларға арнайы дайындалған бейнеүзік арқылы кең көлемде түсіндіріп өтті. Жиын соңында жастар департамент басшысына ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін алғыстарын айтып, ерекше әсер алғандарын, сонымен бірге, маңызды да қажетті ақпаратқа ие болғандарын айтты.