Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ашық әкімдік" жалғасып жатыр

c 12:30, 05/11/2018 c 707

0:00 / 0:00

Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі халық үшін жасалып отырған жұмыс.Осы бағытта әр қалада , тіпті аудандарда ашық әкімдік шарасы тұрақты өткізіліп келеді. Өткен сенбіде Орал қаласының іргесінде жатқан Подстепное ауылының тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын басшыларға қойып, тиісті жауаптарын алды.

Орал қаласының іргесіндегі Подсепное ауылы Теректі ауданына қарайды.Бүгін ауыл халқының мұң мұқтажын тыңдау үшін Теректі ауданың әкімі және басқа да бөлім басшылары түгел дерлік қабылдау өткізді.Қабылдауға жазылған адам саны көп, әр қайсы әр түрлі сұрақпен келіп отыр.Бұлардың ішінде ел болашағы балардың қамы үшін мектеп, балабақша қажет еді деп аудан әкімінің қабылдауына келіп отырған ардагер ұстаз да бар.

Ауылда мектеп бар, балалар қазір екі аусымда оқып жатыр.Ал, балабақша кезегін азайту мақсатында мемлекеттік жеке меншік бағдарламасы арқылы бір балабақша салынған, бұл балабақша әні- міне ашылады деп күтіліп отыр.Егер осы балабақша іске қосылса, ауылдағы балабақша мәселесі шешіледі деп күтіліп отыр.Ашық әкімдік шарасы аясында мемелкеттік қызметтер туралы түсініктер беріліп, электронды қызмет алу жүйесі туралы да айтылды.

Ашық әкімдікке келген әр тұрғынның өтініш тілектері тыңдалды.Азаматтар ішінде кәсіп ашуды көздейтіндер де баршылық.

Қазір Подсепное ауылы -күн санап көркейіп келе жатқан ауылдардың бірі.Ауылда былтыр ғана ауылдық үлкен саябақ жөндеуден өтіп халықтың игілігіне тапсырылған.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.