0:00 / 0:00
Қырық мыңнан астам адам қоныстанған шаһарымыздағы Зашаған кентінде өткен сенбіде "Ашық әкімдік" шарасы болып өтті. Зашаған кентінде алғашқы рет өткізіліп отырған шараға жүзге тарта тұрғын жиналып, өздерін қинап жүрген қордаланған мәселелерін ортаға салды. Кент тұрғындарын толғандырған тақырыптардың қатарында бірқатар көшелердің жөнді жарықтандырылмауы, жолдың салынбауы, баспана құрылысының сапасы сынды мәселелер бар.
Зашаған кентінде алғашқы рет өткеріліп жатырған "Ашық әкімдік" шарасына қатысушы халықтың қарасы да қалың. Кент тұрғындары көптен көкейлерінде жүрген қордаланған мәселелерімен билік өкілдерінің өздерін толық хабардар етіп, шаруаларын біржола шешіп алуға бекінген.
Естігендеріңіздей, әкім-қараларға жеткізуге келген кенттіктердің арыз-шағымдары мен қызмет-шаруалары да әртүрлі. Соның бірі бүгінгі жиынға арнайылап жиналып келіп отырған Мөңкеұлы көшесіндегі №79-шы үйдің тұрғындары. Тұрғындар шағымы бұдан үш-төрт жыл бұрын пайдалануға тапсырылған баспаналарының маңайында жиі орын алатын апатты жағдайлар мен қолайсыздықтар.
Күннен күнге аумағы үлкейіп, шағын аудандары көркейіп келе жатырған кенттің кемшін түсіп тұрған тұстары да жеткілікті. Көпшілікті толғандырып отырған жұмыстардың қатарында Арман, Кеңдала, Сарытау, Балауса, Қыс фабрикасы аудандарындағы тас жолдың жоқтығы күн тәртібінен түспей отыр.
Қысқасы "Ашық әкімдік" шарасына шағымдарын айта келген тұрғындардың әрқайсының да шаруалары аяқ асты қалмауы тиіс.