0:00 / 0:00
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Зашаған кентінің тұрғындарымен жүздесіп, көшпелі ашық әкімдік шарасын ұйымдастырды. Аталмыш шара №10-шы мектептің қабырғасында өткен еді. Зашаған кентінің 64 тұрғыны толғандырған сауалдарын жолдапты. Ал, 25 азамат әкімнің қабылдауында болған.
Бірнеше жылдан бері облыс көлемінде "Ашық әкімдік" шарасы ұйымдастырылып келеді. Өткен демалыс күндері аталмыш шара жыл санап қарқынды дамып, тұрғындардың саны еселеп артып келе жатқан Зашаған кентінде өтті.
Бүгінде 60 мың тұрғыны бар Зашаған кентінде азаматтарды толғандыратын бірнеше сауал бар. Тұрғындарды бірінші кезекте, қоқыс полигоны алаңдатып отыр. Аталмыш полигон өткен ғасырдың 70-шы жылдарынан бері жұмыс жасап, бүгінде 5 гектар жерді алып жатыр. Қала тұрғындарынан қоқыс полигонының жиі өртке оранып, оның салдарынан түтіннен тұншығып, терезені ашып демала алмай отырғандығына шағымданады.
Жалпы Зашаған кентінде ұйымдастырылған "Ашық әкімдікке" 64 тұрғын келіп, олардың 25-сі әкімнің қабылдауында болыпты.
Абат Шыныбековтың қала тұрғындарын қабылдайтын көшпелі ашық әкімдігі қыркүйектің 20-сына дейін шаһарымыздың түпкір-түпкірінде жалғаспақ.