Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аштық митингісі жалғасуда

c 20:15, 09/06/2020 c 677

0:00 / 0:00

Елордада  үнсіз митингі жариялаған  әйелдердің наразылық акциясы жалғасуда. Еске селе кетейік, күні кеше еңбек министрлігінің алдына жиналған көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және жалғызбасты аналар  бірнеше талап қойғанды. Қолдарындағы плакаттарында бастапқы жарнасыз және жалдамалы баспана беру, мұқтаж халықтың кредитін кешіру,  вакцинаға қарсылық білдірген наразы ойларын көрсеткен еді.  Әйелдер талаптары орындалғанша  "Аштық жариялаймыз!" дегенді. Екінші күн болды, министрлер үйі алдында  үнсіз отырған аналар бүгін талаптарын дауыстап айтуға мәжбүр .

Елордада үнсіз митингке шығып, аштық жариялаған аналар  еңбек министрлігінің табалдырығының үстінде түнеді. Түннің суығына қарамастан  мәрмәр тастың үстіне картон қорапты төсеп жаттық дейді.Араларында жүкті әйелдер де бар. Дәретханалардың бәрін жауып тастаған соң, маңайды шарлап кеткен. Өткен –кеткен адамдар көмектесіп жатқан көрінеді. Кешеден бері нәр татпаған әйелдер, талаптары орындалғанша осы жерде отыра бермек.

Осы маңға жедел жәрдем қызаметкерлері де келіп, аналардың дене қызуын тексерді.  "Күміс алқа" иесі Құралай Алиясованы дене қызуы көтеріліп тұр деп ауруханаға алып кетпек болған. Көпбалалы ана жедел жәрдем мен полицияның әрекетіне арызданды.

Наразылық акциясына жиналған көпбалалы аналарды орнынан қозғаудың амалын таба алмаған құзырлы органдар осы жерді дезинфекциялауға да тырысып көрді. Бірақ ол әрекеттерінен ештеңе шықпады. Есіл аудандық бас санитарлық дәрігері келіп, аналардың карантин талаптарын бұзып жатқаны жайында қаулыны оқып бастап еді, ашулы әйелдер Арман Құрбановты тыңдаған да жоқ. Ел әнұранын орындап, талаптары орындалғанша қозғалмайтыдарын баса айтты. шум

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.