Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ас атасы-нан

c 20:01, 08/09/2020 c 755

0:00 / 0:00

Қазақстандық диқандар канадалық бидайдың дәніне құмар болып отыр. Бірқатар қазақстандық кәсіпкер канадалық дәнді-дақылды сатып алған.

Осылайша Канада бидайының дәніне сұраныс өсіп тұр.Мұны ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері растап отыр. Сондай-ақ, министрлік биыл мол астықты шашпай-төкпей жинап жатқанын, экспортқа шығарылатын астық көлемі артатынын айтты.

Қазақстандық диқандар канадалық бидайдың дәнді-дақылына қызығушылық танытып отыр. Агрария саласындағы отандық кәсіпкерлердің нақты қандай көлемде дәнді-дақыл сатып алғаны белгісіз. Дәнді-дақылдың бұл түрі Канадалық шауралар үшін жасалып шыққан көрінеді. Сондықтан, дәнді-дақыл индустриясының өкілдері Канада билігінен дақылдың бұл түрін сыртқа шығаруға тиым салуды сұрап отыр. Канада ең сапалы, мол көлемде астық өндіретін ел. Елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі айналымы 120 млрд долларды құрайды. Сапасы жоғары канадалық дәнді-дақылға отандық шаруалардың құмартып отырғаны да  осы болар.

Азат Сұлтанов –ҚР АШМ департамент директоры «Иә, шыныменде бірқатар қазақстандық кәсіпкер канадалық дәнді-дақылды сатып алып, Қазақстанға әкелген. Жалпы канадалық дәнді –дақылдар , соның жасымық, арпа бізде үлкен сұранысқа ие. Сапасы өте жоғары. Ол елмен климаттық сәйкестігіміз де бар. Сондықтан біздің кәсіпкерлер осы дақылдарды сатып алуға қызығушылық танытып жатады. Дегенмен, олар алған дақылдардың фито-санитарлық құжатынан басқа,сапа сертификаты  болу ытисі. Ол сертификат болмаса, оны дәнді-дақыл деп қабылдамайды бізде»

Канада бір гектардан 40-50 центнер бидай жианаса, Қазақстанда 10-12 центнер жинайды. Дегенмен, Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі  қолда бар астығымен елді де, шетелді де қамтамасыз етеміз деп отыр. Биыл 40 мемлекетке астық экспортталмақ.

Айдарбек Сапаров –ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі  «Нарықтарды атар болсақ, олар: Орталық Азия – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, одан бөлек Ауғанстан, Иран. Жалпы 40 мемлекетке биыл бидай экспорттаймыз. Осы жылы 8 млн тоннаға жуық бидай сатылады.

Қазақстанда дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары 66%-ға аяқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.