0:00 / 0:00
1991 жылдан бері темір жол саласында қызмет жасайтын Светлана Абдулаевада ерекше мамандықты игерген арулардың бірі. Кезінде қызметін вокзалдағы ақпаратты бюросының қызметкерінен бастаған кейіпкеріміз, бүгінгі таңда вокзал бастығының кезекші көмекшісі лауазымында қызмет жасайды.
Жер шарында 7 млрдтан астам адам болса, олардың баршасы бүгінде түрлі мамандықты меңгеріп, бел жазбай қызмет жасауда. Сала мамандары қазіргі таңда әлем бойынша 40 мыңға жуық мамандық бар деседі. Олардың кейбірі уақыт өте келе өзгеріске ұшырап жататыны жасырын емес. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз отбасының ұйытқысы, жауапкершілігі мол қызметте еңбектеніп жүрген- Светлана Абдулаева. Кейіпкеріміз-Ресейдің тумасы. Оның балалық шағы темір жол станциясының қасында өтеді. Светлана Валерийқызы кішкентайынан бастап, темір жолдағы түрлі ақпаратты естіп өскендіктен, осы саланың қызметкері болуды армандайды.
Білікті маман 1991 жылдан бастап темір жол вокзалында қызмет жасайды. Ол қызмет жолын ақпарат бюросынан бастапты. Уақыт өте келе жауапкершілігі мол вокзал бастығының көмекшісі лауазымына ауысады. Кейіпкеріміз кезекшілікке түскен сайын, жолаушылардың амандығы мен вокзалдың тәртібіне жауап беріп, от арбаларды кезек-кезек күтіп алады. Жиырма жылдай осы салада танбай еңбектеніп жүрген Светлана ханым күн сайын жолаушылар түрлі сауалмен жолығып жатады,-дейді.
Бүгінгі таңда Светлана Абдулаева жұмыстастары оның еңбегін бағалап, жауапкершілігімен көзге түскен жан туралы былай пікір білдіреді.
20 жылдан астам уақыт темір жол саласында қызмет жасап келе жатқан Светлана Абдулаева жауапкершілігі мол, қауіпке толы қызметте жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті.
Темір жол саласының қызметкерлеріне мүлдем қателесуге болмайды. Сала мамандары ауа-райына қарамастан діттеген жеріне асыққан жолаушылардың үмітін ақтау парыз,- дейді.