Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арудың жағдайы өте ауыр

c 15:53, 20/11/2019 c 563

0:00 / 0:00

Орал қаласында полиция лейтенанты қағып кеткен  қыз бала ес - түссіз жатыр.  Ол бүгінгі таңда қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер бойжеткеннің жағдайы өте ауыр деп бағалап отыр. Аяқ асты жол апатынан зардап шеккен қызды  аман алып қалу үшін дәрігерлер барлық жағдайды жасап жатырғандығын айтады.Қызға ота жасалғалы 1 тәуліктен  асса да, ол есін жимаған. Арнайы құрылғының көмегімен тыныс алуда.  Дәрігерлер оның қай уақытта есін жиярын дөп басып айта алмай отыр. Науқас жедел жәрдем қызметімен келгенде-ақ,  есін білмеген. Естеріңізге сала кетеміз 18 қараша күні  21 жасар қызды түнде полиция қызметкері қағып кеткен болатын. Полиция қыз баланы жаяу жүргінші жолағында, полицияның потрулдік көлігімен қаққан.  Қолда бар ақпаратқа  сүйенсек, 21 жасар ару Қаратөбе ауданының тумасы және мамандығы фельдшер. Ол Оралдағы 6 емханада учаскелік дәрігер қызметін атқарған. Әріптестері  болса, өмір үшін күресіп жатқан арудың тек жақсы қырларымен танылып үлгергенін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.