0:00 / 0:00
Ақ жолдықтар еліміздегі ірі инвестордың қитұрқы әрекеттерін әшкерледі. Депутат Азат Перуашев бастаған депутаттық топ премьер-министр мен прокуратураға сауал жолдап, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты шара қолдануды сұрады.
Сауалда айтылғандай, бүгінде ашық ақпарат көздерінде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өз табысын қалайша төмендетіп көрсетіп, нәтижесінде төлеп жатқан салығы төмен болып отырғаны мәлім болды.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Азат Перуашевтің депутаттық сауалы елең еткізді. Ақжолдықтар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қитұрқы әрекетін әшкерледі. Елімізде тау-кен өндірісінде ісін айналдырып, қыруар пайда тауып отырған аталмыш компания өз табысын төмендетіп көрсетіп, нәтижесінде төлеп жатқан салығы аз болып отыр. Компания өндіріп отырған шикізат алдымен компанияның Сауд Арабиясындағы өз фирмасына 1 долларға, содан кейін әлемдік бағамен басқаларға сатылып отырған.
Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Барлық экспорт компанияның Дубайдағы кеңсесі арқылы өткен. Металл шикізаты алдымен компанияның Сауд Арабиясындағы өз фирмасына өзіндік баға + 1 долларға сатылған. Содан әлемдік бағамен басқаларға сатылып отырды. Осылайша, Митталдың бір тонна экспорттан тапқан пайдасы "1 доллар" деп көрсетілген. Осының арқасында ол Қазақстандағы салықтарды да бір доллардан төлеп отырған. Ал табыстың басым бөлігі оффшордағы компанияларға түскен, әлі де түсіп келеді».
Мәжілісменнің мәліметінше, дәл осы әдіспен комбинат жылына жарты миллиард доллар көлемінде табыс табады. Бұл – төмендетілгентабыстыңкөрсеткішіғана. Алжасырынпайдаоданәлдеқайдакөп дейді Перуашев. Байлыққа белшеден батып отырған "АрселорМитталТеміртау" компаниясымұнымен қоймай, тапсырысалатынқазақстандықкәсіпкерлердіңақшасынуақытындабермей отыр. Осылайша, әлемдегі ірі болат өндіруші компания сараңдық танытып, атқарылған жұмыстардың ақшасын жарты жыл, тіпті, одан да көп уақыт бермей созып жүр.
Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «2016 жылы оның қарызы 1 миллиард теңге болса, 2017 жылы – 2 миллиард, 2018 жылы 1 миллиардтан асқан, биыл облыс пен қала басшылығы жергілікті кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша "АрселорМиттал Теміртаумен" тағы келіссөздер өткізді".
Арселор компаниясынан ақшасын ала-алмай жүрген кәсіпкерлердің көбі тапсырыстарды орындау үшін банктен несие алатыны мәлім. Ал тендердің ақшасы уақытында төленбесе, оларға айыппұл мен өсімпұл төлеуге тура келеді. Амалы таусылған отандық кәсіпкерлер депутаттарға шығып, әділдік іздеп жүр.