0:00 / 0:00
Енді ТДК-42 Телеарнасының да Тұмары бар. БАҚ –ң кәсіби мерекесінде үздіктерді таңдайтын «Тұмар» ұлттық байқауында жүзден жүйріктер анықталды. Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж, үздік әлеуметтік жоба, үздік ақпараттық бағдарлама, журналистік зерттеу аналитикалық,өңірлік ток-шоулар, балаларға арналған үздік бағдарлама, үздік тележурналист, үздің тележүргізуші, өңірлік телеарна барлығы 14 номинация бойынша мықтылар сыналды, таңдалды. Соның ішінде ТДК-42 арнасы үздік өңірлік телеарна номинациясын қанжығалады.
Бұл жолы отандық БАҚ еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шаралаы және басқа да жаһандық оқиғалардан таратқан хабарлары сараланды. Журналистердің еңбегін ескере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі биыл да Тұмар сыйлығын табыстады.
Сәл тарихқа үңілсек, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылды. Байқаудың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияны дамыту.
Тұмардың тарихында 1 800 астам өтінім келіп түсті, 303 журналист пен шығармашылық топ номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 84 эксклюзивті мүсінше өз жеңімпазын тапты.Бәйге жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне қосағ 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.