Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арнайы белгілерге қаншалықты назар аударасыз?

c 18:15, 07/12/2018 c 726

0:00 / 0:00

Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған шара өтуде. Неігзгі себеп мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойып кететіндер көбейіп кеткен.Енді осыларды тәртіптік шараға шақыру мақсатында полиция қызметкрелері арнайы рейдтік шаралар жүргізіп жатыр.

Қаладағы мүгедектер қоғамының мамандары арнайы белгі қойылған тұрақтың тек ғана жүріп-тұруы қиын және қоларбамен жүретіндерге арналғанын көпшілік біле бермейді,- дейді.

Кейбір жүргізушілер тіпті мүгедек белгісіне мүлде назар аудармайды. «Бұл жерге қоюға болмайды» деген көлік тұрағының қызметкерлеріне қолын ала жүгіретіндер де бар. Мысалы өткен жолы осы вокзалға келіп көлігімді қоятын орын таба алмай қарсы беттегі 200 метр қашықтықта орналасқан мектеп алдына тоқтауға тура келді.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасап, оларға қоғам болып қол ұшын беру керекпіз» дейді құқық қорғау саласының мамандары көлік иелерін жауапкершілікке шақырып.

Динара Әбдүлхалықова , Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:
Жалпы азаматтардың барлығы тек полиция қызметкерлерімен арнайы мемлекеттік органдардың өкілі емес, жалпы қоғам болып мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтарын біз барынша қадағалауымыз тиіс. Ол бірінші кезекте заңның орындалуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыздың түзелуіне септігін тигізеді. Жүргізушілер болса алып шаһарда кейінгі кезде тұрақ табудың өзі қиын екенін айтып қынжылады. Бір дүкенге немесе шұғыл шаруасымен бір мекемеге аз уақыт кіріп шығу үшін көшені шыр айналып орын таба алмаған соң кез келген жерге көлігін тастап кетуге мәжбүр. Дегенмен бұл орынға көлік қою дұрыс емес.

Қазір облыс бойынша 23 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Осы бір жандардың қоғамдағы рөлін арттыру бүгінгі күннің басты талабы. Ендеше олардың құқығын қорғау жолында жауапсызөдық танытпайық.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.