Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АРМАН ЖОЛДАР

c 09:24, 05/02 c 1

0:00 / 0:00

Көлік министрлігі биыл 13 мың шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отыр.Оның ішінде 9 мың 500 шақырымы қаржы көздерімен қамтамасыз етілген, 3 мың 600 шақырымына қажетті құжаттар дайын, қаржыландыру мәселесі пысықталуда. 30 жылдан 50 жылға дейін жөндеуден өтпеген Петропавл - Жезқазған Қандыағаш – Шалқар, Жаңаөзен - Түрікменстан шекарасы , Қарағанды - Аягөз - Боғас жолдарына көңіл бөлінбекші. Сондай-ақ, Министр Қарабаев бюджет жүктемесін азайту және жолдардың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету үшін ақылы жолдардың санын, құнын арттырмақшы.

Министрдің сөзіне сенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды, ал жергілікті жолдарда - 91%-ды құрайды. Дегенмен, сапасы сын көтермейтін жолдар да баршылық. Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың сапасы премьер-министрдің де көңілінен шықпай отыр. Ал өңір әкімі Төреғалиев болса жол салу құны шарықтап кетті деп ақталып, есеп берді. БҚО-ға 2022-2025 жылдарға жол салуға 66 млрд теңге бөлінген. Алайда, жұмыс дер кезінде орындалмай отыр.

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 183 шақырым. Оның ішінде жергілікті автожолдар 4 834 шақырымды құрайды. Ал ел астанасында аты шулы құрлысына қаражат Ұлттық қордан тартылғаны мәлім болды. Ұлттық экономкиа минситрлігінң мәліметінше, ЛРТ құрлысына аяғына едйін жеткізу үшін былтыр Ұлттық қордан 52,4 млрд теңге бөлінген. Көлік министрі ақпаратты растап отыр. Бұл қаржаттың да әу бастағыдай қолды болып кетпесіне кім жауапты?

Еске сала кетейік Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысында ЛРТ құрлысының жұмысы биыл жазда аяқталады дегенді. Әкімнің айтуынша, алғашқы пойыздар елордаға күзде жеткізіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.