Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерлер-жазулы тұрған хатпен тең!

c 00:00, 05/03/2015 c 1370

0:00 / 0:00

Бұны Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен тілдескен жандар мойындайды. Сұм соғыстың жалында қаншама тағдыр тәлкек болды, қаншама адамның қаны төгілді. Тарихтың бетіне түскен осынау деректер бейбіт күнде өмір сүрген жас ұрпақ үшін ертегідей болғанымен ардагер аталарымыз үшін бастарынан өткен үлкен нәубет. Бисен Жұмағалиев 1922 жылдың 22- желтоқсанында БҚО-ның Сайқұдық ауылында дүниеге келген. Елге танымал тілші, әрі еңбек және соғыс ардагері. Педагогикалық училищесі мен Орал медициналық институты және Алматы ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітірген. Мұғалім ретінде еңбек жолын бастаған Бисен ата 1942 жылы қаңтарда майданға аттанып, 13-дивизия құрамында соғысады. Ленинградты азат етуге қатысады. Кейін ол «Отанды қорғауға» атты майдандық газетте қызмет істейді. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерліктерін Бисен Жұмағалиевтің тың деректерінен табуға болады. Әсіресе, «Степные зари Приуралья», «Обновленная степь», «10 лет с М.Шолоховым» атты кітаптары жауынгерлердің ерлігін ұрпаққа жеткізді. Ардагер 2014-жылы елбасының сыйлығына ие болды. Соғыс кезінде жауға қарсы оқ атып қана қоймай, қаламын да қару қылған Бисен атаны орыстың талай белгілі жазушылары мойындап, құрмет көрсеткен. Бисен Жұмағалиев майданда мергендігімен ерекше көзге түскен жауынгер болыпты. материал дайындау үшін басын қатерге тігуден де тайынбайды. Осындай ежүрек жанның арамызда жүргені біз үшін үлкен мақтаныш. Ардагерге басының амандығын, денінің саулығын тілейміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.