Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерді ардақтайық

c 01:44, 23/01/2020 c 517

 

Мәжіліс депутаты Имашева Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қызмет алудағы кедергілері туралы айтты. Үкімет атына жолдаған сауалда ол Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы тек 9 мамыр мерекесіне орай ғана еске түсіретінімізді еске салды. Қазір Қазақстанда бір мыңға жуық ардагер тұрады. "Өкінішке орай, барлық ардагерлерге туыстары немесе әлеуметтік қызметкерлер тарапынан күтім көрсетілмейді", - деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты.

Балалар тастап кеткен қариялар немесе қорқынышты диагнозы бар мүгедектер билік оларға қамқорлық жасауға міндетті екенін білуі тиіс. Арамызда қарапайым нан алу үшін дүкенге өзі бара алмайтын адамдар бар. Бұл жерде ерекше ереже ескерілгені рас: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғалар бірінші кезекте үйде қызмет көрсету ұйымдарынан қызмет алуға үміттене алады. Бірақ, барлығына бірдей  әлеуметтік қызметкерлер жетіспейді. Егде жастағы адамдарға арнайы қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жалпы саны не бәрі – 3406 адам. Бұл - күтімді қажет ететін адамдардың санынан бірнеше есе кем. Заң бойынша әлеуметтік қызметкер қарияға үй шаруасын істеуге, тіпті ардагер қайтыс болған жағдайда туыстары болмаса, жерлеу қызметін ұйымдастыруға қатысу қажет. Бірақ ардагердің үйіне осындай көмекші келу үшін қарт адамдарға көп инстанциядан өту керек.

Снежанна Имашева - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; «Ең жас деген ардагердің жасы сексеннен асқан. Медициналық картаны ұсыну үшін қарт адам сегіз маманнан тексеріліп, анализ тапсыру керек. Көптеген ардагерлер үшін бұл,үлкен кедергі. Жасы мен ауруларына байланысты кейбіреулер ауруханаға бармас түгіл тіпті үйінен шыға алмайды».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.