0:00 / 0:00
Алты ғасырлық тарихы бар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі киелі Түркістанның басты символы, тарихи бейнесі. Барша түркі елдерінің астанасы деп аталатын Түркістан қаласында заманауи ғимараттар да бой көтере бастады. Бұрын қалаға кірген бетте көзіңе Яссауи кесенесі түсетін болса, қазір тарихи ғимарат биік үйлермен таласып тұр. Тіпті кесененің ғимараты дымқылданып, тұздана бастағанды. Бұл алаңдаушылық тудырып отыр. Енді Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң жобасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға тиым салады.
Ал бұл заң түркістандықтардың әл-ауқатын көтеруге қандай себін тигізеді деген сұрақ та туындайды. Заң жобасын әзірлеушілер Түркістанның қолөнер шеберлерінің шығындарын субсидиялау көзделіп отыр дейді. Қаланың қауіпсіздік мәселесі қолға алынып, қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету стационарлық емес объектілерін, жазғы алаңдарды орнату көзделен. Бизнеске жер телімдерін беру жеңілдіктері қарастырылған. Ерекше мәртебеге ие болып отырған Түрікстанның өз елтаңбасы болмақ. Заңда солай жазылған. Алайда депутат Зайытовты осы сөз алаңдатады.
Сондай-ақ, депутаттар Түркістанды арақсыз қалаға айналдыру мәселесін қозғады.
Облыс әкімдігі араққа тиым салсақ, туристердің келуі азайып қалуы мүмкін және бизнес орта бұл пікірді бөліспейді деп отыр.
Бұған дейін түркістандық ақсақалдар алқасы осы ұсынысты алға тартқан екен. Бүгінде облыс бойныша «арақсыз ауыл» жобасын 30 ауыл қолдаған. Жергілікті полиция болса, ішімдік ішілмейтін ауылдарда тәртіп орнаған және соңғы бірнеше жыл қатарынан қылмыс тіркелмеген деп отыр.