0:00 / 0:00
Әр балаға жәрдемақы төленсін, көпбалалы отбасыларына берілген арендалық баспана атына түсірілсін! Елордада наразылық акциясын өткізген белсенді топ билік партиясы Nur Otanның ғимаратына басып кірді. Аналар Жамбыл облысының Жаңатас қаласында орын алған бес сәбидің өлімі қайталанбас үшін, ана мен баланы қорғау қажет дейді.Еске сала кетейік, Жаңатас қаласында көп қабатты үйде пәтер өртеніп, 5 бірдей сәби ажал құшты. Балалардың алды 6-да, кішісі 1 жасқа да толмаған. Қолда бар мәлімет бойынша балалардың әкесі жұмыста,анасы дүкенге шығып кеткен екен. Балалар иіс тиіп көз жұмған.
Қазақ елі тағы да қара жамылды. 2019 жылы елордада тілсіз жаудың құрбаны болған бір отбасындағы бес қыз баланың өлімі елді есеңгіреткенді. Енді міне Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы өрттің салдарынан 5 сәби ажал құшты. Өткен жұмада Жаңатас қаласында көп қабатты үйде пәтер өртеніп, 5 бірдей бала қайтыс болды. Балалардың алды 6-да, кішісі 1 жасқа да толмаған. Отбасының әкесі жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен екен. Балалар иіс тиіп көз жұмды. Мұндай қайғылы жағдайлар тіркелмеуі үшін, ана мен баланы қорғауды күшейту керек дейді елордада наразылық акциясын өткізген бір топ ана. Белсенді топ билік партиясы Nur Otanның ғимаратына басып кіріп, депутаттардың келуін талап етті. Аналардың айтуынша, үкімет бекіткен көпбалалы отбасыларына беріліп жатқан жәрдемақы аз.Мұндай жәрдемақы тек көпбалалы отбасыларына ғана емес, еліміздегі әр балаға берілуі тиіс дейді олар.
Наразы топтың бас талабы, Қазақстандағы әр балаға 42 мың теңге көлемінде жәрдемақы беру, көпбалалы отбасыларын кезек күттірмей баспанамен қамту.
Белсенділердің алдына олар талап еткендей депутаттар емес, партияның елордадағы филиалының өкілі шықты. Ол өзін сұрақтың астына алып, қаумалаған аналарға талаптарыңызды жазбаша түрде беріңіздер, қарастырамыз, шешеміз деген уәдесін айтумен ғана шектелді.