Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Әр балаға 4,2 миллион теңгеден төлем енгізу керек»

c 19:37, 03/03/2021 c 592

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ана капиталын енгізіп, әрбір бала үшін 4 миллион 200 мың теңге көлемінде мемлекеттік төлемді жасауды ұсынды. Үкіметке осындай ұсыныспен шыққан бір топ депутат бүгінде енгізілген ана мен баланы қолдау шаралары жеткіліксіз дейді. Себебі елде кедей бала саны 1 миллионға жеткен. Ана мен баланы қорғауды күшейтпесек, бүгінгі кедей балалар – ол ертеңгі кедей мемлекет екенін түсінген жөн дейді мәжілісмен Ерлан Смайылов.

Қазақстанда кедейшілік артып барады. Әлемді жалмаған қауіпті індет пен экономикалық дағдарыстың да салқыны онсыз да күнін әрең кешіп отырған отбасыларын тығырыққа тіреп отыр. Ал аз қамтылған отбасылары өлместің күнін кешуде. Ана мен баланы қорғауды күшейтпесек, кедейшіліктің күнін кешкен баланың болашағы бұлыңғыр дейді депутаттар.

Ерлан Смайылов –ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«ЮНИСЕФ-тің зерттеуі бойынша Қазақстанда балалардың 15,6 проценті кедей отбасында тұрады. Бұл дегеніміз 1 миллион бала. Отандық әлеуметтанушылардың мәліметінше, көпбалалық кедейшіліктің факторы болып отыр. Қазақстандықтардың 80 пайызы 5 баладан көп отбасында өмір сүреді. Елімізде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар. Бұдан бөлек, 500 мың толық емес отбасы бар. Жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелердің жағдайы да мәз емес. Мемлекет бір нәрсені анық түсінуі керек, бүгінгі кедей балалар – ол ертеңгі кедей мемлекет». 

Әрине мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдауға арналған әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар  бар. Он жылдап әрең қол жеткізетін арендалық баспаналар беріледі.  Дегенмен, бұның барлығы ана мен баланың өмір сүру деңгейін көтеруге толыққанды жағдай жасап отырған жоқ дейді депутаттар. Осы орайда олар  адам капиталына ақша салу жүйесіне көшуді ұсынды. Ұлттық жоба қабылдап, баласы бар отбасыларға инвестиция салу қажет. Аана капиталы ретінде әр балаға 4 миллион 200 мың теңгеден төлем енгізу керек дейді депутат Смайылов.

Ерлан Смайылов –ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Елімізде әрбір бала үшін 4 миллион 200 мың теңге көлемінде мемлекеттік төлемді ана капиталы ретінде енгізген жөн. Оны баспана алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, баланың біліміне және ананың зейнетақы жинақтарына жұмсауға болады».

Егер ана капиталы енгізілсе елде кедейшілік қана емес, балалар арасында аурулар мен зорлық-зомбылық та азаяр еді. Алайда мұның бәрі ұсыныс, арман-мақсат. Ал бүгінгі жағдайда мүгедек бала тәрбиелеп отырған және жалғызбасты аналар министрлік пен әкімдіктің табалдырығын тоздырып, қолдау сұраумен жүр. Елорда әкімдігінің ғимаратында үш күн бойы түнеп жатқан ерекше балалардың аналары кезек күттірмей баспана беруді талап етуде.Алайда, осы күндері аналар талап еткендей Нұр-Сұлтан қаласының әкімі мен еңбек министрі төбе көрсетпеді. Тек орынбасарларын жіберген деп ренжіп отыр аналар.

Ал әкімдік өкілі болса, аналармен түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатырмыз. Уақытша баспанамен қамту ғана қолымыздан келеді. Бәрі кезегімен алуы тиіс дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.