Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үйлер саны қысқаруда

c 16:56, 27/05/2019 c 605

0:00 / 0:00

Оралда апатты деп танылған 200-ден астам үй бұзылып, орнына жаңа көпқабатты баспаналар бой көтереді. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев мәлімдеді. Бағдарлама қолға алынғалы бері қалада 8 апатты үй сүрілсе, биылғы жылы екінші үй бұзылуда.   Өткен маусымдағы қыс мезгіліне дейін бұл үйлер 13 отбасыға ортақ қоныс болған еді. Ғимарат қазір  қиратылуда.  Бұзылған үй қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Сондықтан көненің орнына жаңасын салуға мүдделі кәсіпкер де тез табылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында сүрілген 3 апатты үйдің орнына 75 пәтерлі көпқабатты заманауи тұрғын үй бой көтеретін болады. Апатты және тозығы жеткен үйлердің мәселесін шешу өңірде бір жолға қойылған. 2016 жылы Орал қаласында осындай 50-ден астам үй тіркелсе, бүгінгі күнде олардың саны 41 кеміді. Өткен айда Ружейнейкова 14 мекенжайындағы қос қабатты апатты үй сүрілген еді. Жыл соңына дейін тағы 10 апатты үй бұзылыды деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.