Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үйлер мәселесі шешілуде

c 17:20, 10/02/2020 c 427

0:00 / 0:00

Оралда тозығы жеткен үйлердің мәселесі оң шешіліп келеді. Соңғы 4 жылда 17 апатты үй сүрілген. Бұл туралы Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары мәлім етті.Тозығы жеткен тұрғын үйлердің мәселесі Орал қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымы аясында оң шешімін табуда. 2015 жылдан бері шаһарда 17 апатты үй бұзылып, орнына жаңадан бесеуі салыныпты. Әкімдік пен инвестор және тұрғындар арасындағы үш жақты келісім бойынша ескі үйдің орны құрылыс компаниясына тегін беріледі. Және қажетті инженерлік инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстарын әкімдік өз мойнына алады. Ал құрылыс компаниясы тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, жаңа үйді салған соң иесіне ескі тұрғын-жайдың құнына тең көлемде тегін пәтер беруге міндетті. Апатты тұрғын-жай иелері өз қорқыныштарын жасырмады. Облыс орталығында 1200-дей көп қабатты үй болса, соның 200-і әбден ескірген, ал 41-і апатты жағдайда деп танылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.