0:00 / 0:00
Деповской көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғындары ескірген баспананың мұңын мұңдайды. Бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған үй «ескі үй» бағдарламасына енген. Тұрғындар қабырғасы сөгіліп, шатыры жарылған үйдің құлап кетуінен қорқады. Үйден тез арада көшуге келісіп отырған ондаған отбасы бір жанұяның шешімінің салдарынан зардап шегіп отыр.