0:00 / 0:00
Фрунзе 47 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындары зарымызды айтып бармаған жер,баспаған тауымыз қалмады деп отыр. Кондоминиум төрағасы Владимир Зеленцов облыс әкімі Алтай Көлгіновке дейін барып, осы мәселені жеткізіпті. Достық-даңғылы бойында орналасқан ескі ғимарат Генерал Мартыновқа тиесілі болған.Мемлекет қарауына алынған тұрғын үйде 15 пәтер тіркелген.
Кошелова Анна
Үйде кәріз жүйесі жоқ, бірақ су мен газ бар. Кірпіштен қаланған сыртқы қабырғада «19-ғасырдың сәулет ескерткіші және мемлекет қорғауындағы үй» деп жазылған тақтайша ілінген.Үй көз алдымызда қаусап барады. Негізгі салмақ түсетін бөренелері шіріп кеткен. Еденнің тақтайлары сықырлап, салқын тартып тұр. Қатты жел тұрып,шатырды ұшырып жіберді.
Адамдардың айтуынша ғимаратқа жөндеуді осы уақытқа дейін өз күшімен,өз қаражаты арқылы жүргізіп келген.
Мұханжанова Сания
Бұл үйге 140 жыл.Мына үйде тұру мүлде қауіпті. Қабырғалары кез келген сәтте құлауы мүмкін. Ал оны жөндеуге ақшамыз жоқ Мемлекет қарауындағы үй болса оны бұзбай біздерге аула жанынан жаңа пәтер салып берсе дейміз.
Енді бұл үйді тексеру үшін жаңа комиссия құрылатын болады. Оған тұрғын үй комуналдық шаруашылығы мамандары кіретін болады.
Жұбан Жұмағалиев
Фрунзе 47 мекен-жайы бойынша орналасқан үй 2016 жылы апатты деп тіркелді.Жөндеу жұмыстарына байланысты шағымдар,ұсыныстар көптеп түсіп жатты.Қазірді таңда жөндеу-жұмыстарына инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде.2018 жылы қаламыз бойынша 4 апатты жағдайдағы үйлер сүрілді.
Қала бойынша мемлекет қарауына алынған 20 ғимаратта адамдар мекен етіп жатса да, онда құрылыс-жұмыстары өз есебінен жұргізіледі.