Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты мектептер жайы

c 17:55, 13/12/2019 c 904

0:00 / 0:00

Оралда оқушылар апатты жағдайдағы №31 орта мектепте білім алып жатыр, 380 орынға есептелген ғимарат 1961 жылы салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмеген.Техникалық сараптамаға сәйкес өткен жылы апатты жағдайда деп танылған мектепте қазіргі таңда 410 оқушы екі ауысымда білім алуда. Биылғы 24 қазан күні химия кабинетінде төбеден сылақ құлап түскен. Абырой болғанда, оқушылар алдыңғы жақта отырғандықтан, ешкімнің үстіне құламаған. Төбе сол бойда қайта сыланғанымен, мұндай жағдайдың қайталанбасына кепілдік беру қиын. Қаланың бұл ауданында болашақта халық көбеймесе, азаймайды. Жуырда тоғыз қабатты екі үй пайдалануға берілмек. Ш.Айталиев атындағы көшеде үш бірдей бес қабатты үйге тұрғындар қоныстанып үлгерді. Сондықтан мектепте оқушылардың саны азаймасы анық.Мұнда апатты ғимаратты бұзып, орнына 400 орындық мектеп салу көзделген. Бұзу және салу жұмыстары кезінде оқушылар №32, №34 және №23 мектептерде бөлініп, білім алмақшы.Қалада апатты жағдайдағы мектеп бір бұл ғана емес. №33 мектепте оқитын 401 бала күні бүгін №2 мектепте білім алуда. Ескі ғимараттың орнына 300 орындық жаңа мектепті салудың жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектептің 483 оқушысы қазіргі таңда №37 орта мектепте білім алуда. Бұл мектептің жаңа ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасауға бюджеттік өтінім жолданған.Облыстық құрылыс басқармасы  мамандарының нақтылауынша, №31 мектеп ғимаратының ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін алдағы жылы қаржыландыру мәселесі қаралатын болады. Құны 1,3 млрд теңге болатын №33 мектеп ғимаратына 2020 жылы әуелі 230 млн теңге бөлініп, құрылысы басталмақшы. Ал №8 мектептің ЖСҚ-сын жасақтауға әзірге қаржы бөлінбеген.Тағы бір түйткілді мәселе – облыста үш ауысымда оқитын мектептердің азаймай отырғаны. Оралда №47, №10, №20, №18, эстетикалық бағыттағы гимназияда және Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінде 9486 оқушы бар. Бұл мәселені шешу үшін 4 мың орындық алты мектеп салу қажет. Соның ішінде әзірге қалада №51 мектеп ғимаратына ел қазынасынан 1 млрд теңге қаралып, құрылысы басталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.