0:00 / 0:00
Бтаыс Қазақстан облысында жол апатынан әйел адам ауыр жарақат алды. Оқиға 15 маусым күні болған. Ақсай қаласынан 18 шақырым жерде автокөлік жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың таратқан ақпаратына сүйенсек, жедел жәрдем сағат 13.22-де шақыртылған. Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шеккен. Денесі көгерген 1984 жылғы әйел қаралғаннан кейін амбулаторлық емдеуге жіберіліпті. 2014 және 2016 жылғы қыздар жарақат алмаған, дегенмен олар таңға дейін Бөрлі аудандық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болған. Олардың екеуі де 16 маусым күні үйлеріне жіберілді. Сынық жарақаттарын алып, денесі көгерген 1993 жылғы әйел жансақтау және жедел терапия бөліміне жатқызылған. Ол ертең санавиация қызметімен облыс орталығына жеткізілмек.