Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Апатпен күрескені үшін" медалімен марапатталды

c 17:11, 06/09 c 11

0:00 / 0:00

Оралда су тасқынымен күрескен жандар марапатталды. Азаматтар қиын кезде уақытпен санаспады. Еліміздің түпкір-түпкірінен қызыл суға тойтарыс беруге көмектесу үшін келген жандар аянбады. Ерлігі көпке үлгі, белсенділік танытқан азаматтарды "Ақжол" партиясы "Апатпен күрескені үшін" медалімен марапаттады. Салтанатты жиынға партияның БҚО филиалының төрағасы Серік Мерғалиев, облыстық мәслихат депутаты Асқар Мерғалиев, полиция департаментінің бастығы, төтенше жағдай мен әкімдік қызметкерлері және еріктілер қатысты.

Биылғы көктем көпке дейін көптің есінде қалмақ. Қарғын судан келген шығын да көп. Десек те, ел болып тілсіз жауға тойтарыс беріп, абырой болғанда адам шығынын болдырмадық. Қиын кезеңде елді топан судан құтқарамын деп күндіз-түні жұмыс істеген жандар көп.

Су тасқыны кезінде полиция қызметкерлерінің де еңбегі қайықтармен жұртқа көп көрінді. Тәртіп сақшылары тәулік бойы суға кету қаупі төнген аймақтарда қоғамдық тәртіпті қадағалады. Қызыл суда азаматтардың қалып қоймауын назардан тыс қалдырмады. Соның арқасында облыста су тасқыны кезінде тұрғындардың мүлкін тонау деректері тіркелмеді.

Қиын кезде түрлі мекеме қызметкерлері мен волонтерлер аянбады. Тасқыннан зардап шекті деп еліміздің түпкір-түпкірінен гуманитарлық көмек көп келді. Оны сұрыптап, зардап шеккендерге таратып беру ісін Азаматтық альянстың мүшелері қадағалады. Соның арқасында көмектің шарапатын көргендер көп.

Сонымен қатар, Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов те партияның арнайы медалімен марапатталды. Келешекте, "Ақ жол" партиясы тасқын суға бірінші болып тойтарыс берген бөрлілік бірқатар азаматтарды марапаттамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.