0:00 / 0:00
Ағымдағы жылдың 21 шілдесі күні Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында толассыз жауған жауынның салдарынан 21 үй апатты жағдайда қалып төтенше жағдай жарияланды. Бүгінде төтенше жағдайлар жөніндегі штаб мүшелері қауіптің сейілгенін айтады. Толығарақ алдағы бейнеметериалда.
Бұл 21-нен 22-ші шілдеге қараған түні толассыз жауған жаңбыр суының баспаналарды басып жатқан көрінісі. Көне көз тұрғындардың сөзінше мұндай жаңбыр соңғы 50 жылда жаумаған.
тілсіз жаудан зардап шеккен мына тұрғын үй паналауға келмейді. Өздеріңіз көргендей үйдің қабырғалары үгіліп түсіп, мүліктердің барлығы жарамсыз күйде. Ал оны жалға алып, паналап тұрып жатырған Жансұлу Хайрошева бүгінде далада қалып, қайтадан пәтер іздеп көше кезіп жүргінен айтады.
Осы орайда жауапты сала мамандары аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі кезекшілік бөліміне түнгі сағат 23.00 шамасында Переметный ауылының Гагарин және Орал көшелерінің тұрғындарынан су басу қаупі төнгендігі жөнінде ақпарат-дабыл түскен. Осы орайда төтенше жағдайлар жөніндегі штаб мүшелері жиналып, қауіптің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізген. Су жүретін арықтар кеңейтіліп, өтініш білдірген әр тұрғын үй мен аулалардан мотопомпа, су сорғыштар арқылы судан тазарту шаралыры жүзеге асырылған. Сонымен қатар, аудан орталығына таяу орналасқан Белес, Зеленый, Железнов, Шалғай, Мичурин ауылдық округтерінен қосымша жасақ тартылып, табиғи апаттың салдарымен мүмкіндіктерінше күрескендерін айтады.
Төтенше жағдайға байланысты аудандық жас туристер стансасында тұрғындарды эвакуациялау пункті ұйымдастырылғанмен үй иелері өз еріктерімен бас тартқан. Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты.