0:00 / 0:00
Орал қаласында "Бәрі де Ана, бір өзіңнен басталады" деген атаумен қалалық ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Шара көпбалалы аналарды қолдауға арналған.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов "Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деп нәзік жандылардың өскелең ұрпақ алдындағы, күллі әлем алдындағы жауапкершілігін суреттеген болатын. Бүгінде бауыр етін баласын тәрбиелеп, отбасының ұйытқысы болған көпбалалы аналар мемлекеттік қолдауға ие болып, жаңа кәсіп меңгеріп, өз ісін бастауда. Орал қаласында осы аналарды қолдап, олардың жұмысын насихаттайтын "Тұғырым" қоғамдық бірлестігі құрылды.
Қалалық ашық диалог алаңына қатысқан жандардың арасында Әсел Кеңесова бар. Бүгінде төрт перзентті тәрбиелеп отырған жас ана ұлттық киім мен қыз жасауын тігетін кәсіп ашқан.
Еркін форматта ұйымдастырылған шара аналардың дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.