Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

c 11:29, 11/01/2023 c 345

0:00 / 0:00

Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов тиісті министрлік пен әкімдіктерге өңірлердегі перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту туралы тапсырма берді. Сондай-ақ вице-премьер мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтарын салуды да жүктеді. Халық денсаулығына арналған мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде талқыланған еді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше елде ана мен бала өлімі 3 есеге төмендеген. 2021 жылы – 185 жағдай тіркелсе, 2022 жыл-57 жағдай орын алған. Нәресте өлім-жітімінің деңгейі де 3%-ға түсті дейді министр Ажар Ғиният. Алайда бұл көрсеткіштің өзі ана мен бала өмірін қорғап қалу үшін әлі көп жұмыс жасалуы керектігін көрсетеді. Алқа мәжілісінде үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов аналарға босануға көмектесетін ұйымдар мен балалар ауруханаларын қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету қажет деді. Ол үшін акушерлік, гинекология, перинатология орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы мәселелерді шешу қажеттігі туындап отыр. Облыс әкімдеріне осы мәселені тездетіп қолға алуды тапсырды.

Ана мен бала денсаулығына жіті көңіл бөлу президенттің назарындағы мәселе екенін еске салғымыз келеді. Вице-премьер бұл істі Астанадан бастау қажет деді. Өйткені елорданың өзінде перинаталдық орталық тапшы.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтары да жетіспей жатқаны айтылды. Бүгінде елімізде 98 мың 254 мүгедектігі бар бала тіркелсе, олар барып емделетін 49 оңалту орталығы бар. Бұл әрине аз. Ата-аналар балаларын емдету үшін осы орталықтарға айлап кезекте тұрады. Алтай Көлгінов өңір басышлары мен минитсрлікке мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтарын салуды да жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.