Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ана мен бала өліміне кім кінәлі?

c 16:33, 14/10/2019 c 1176

0:00 / 0:00

БҚО - да әйел адам ауруханада көз жұмды.Әйелдің ішінде 7 айлық баласы да бірге кеткен.Жеті айлық жүктілігінде аяқ асты ауруханаға түскен Нигметова Бибінұрды дәрігерлер неге құтқарып қала алмады? Аяқ асты ауруханада көз жұмған әйелдің артында аңырап 4 баласы жетім қалды.Ал, отағасы Ғалымжан Сағынғалиев бір күнде әйелі мен баласынан қатар айырылып, бүгінде осы оқиғаға кінәлілер жазаланса екен деп шарқ ұрып, ақиқат іздеп жүр.Ақиқаттың ақ таңы қашан туары белгісіз.Белгілісі қазір осы ана мен бала өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексіне сай қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.Бірақ тергеу де тым ұзаққа созылып кеткенге ұқсайды.Себебі оқиға 2018 жылдың 24 сәуірінде болған.Әлі күнге дейін тергеу аяқталмаған, кінәлі тарап жазасын алмақ түгілі, күдікті тұлғалар туралы да ақпарат жоқ.
Ғалымжан Сағынғалиевтің әйелі Бибінұр Нигметова бесінші баласына жүкті кезінде қапыда ауруханада қайтыс болған.Жүктілігіне 7 ай толғанда аяқ астынан Бибінұр Нигметовадан қан кетіп Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізіледі.Бірақ, ол жақтан қуанышты хабар естілмеген.Әйел адам аурухана төсегінде көз жұмады.Артында 4 бала жетім қалған.
Бұл қайғылы оқиға Сағынғалиевтер әулетін есеңгіретіп жіберген.Бірақ отағасы есін жиып, әйелі мен баласының өліміне кінәлілер жауапқа тартылу керек деген ниетпен Жаңақала аудандық полиция бөліміне арыз берген.Арада жыл жарымға жуық уақыт өтсе де бұл іске қатысты тергеу әлі аяқталмаған. Әйелдің өліміне нақты қай дәрігердің салғырттығы себеп болғаны туралы да ешкім жақ ашпайды.Бұл тергеудің құпиялығына байланысты айтылмайтын ақпарат деген бір ауыз сөз естідік. Тергеудің неге тым ұзаққа созылып кеткені де белгісіз. "Ана мен бала өліміне жол бергендерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр , тергеу жақын күндері аяқталып, іс сотқа жолданады",- деді БҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы.
Ғалымжан Сағынғалиев бір күнде әйелі мен баласынан қатар айырылып отыр.Бірақ бізбен сұқбаттасқан Ғалымжан Сағынғалиевтің қорғаушысы Назгүл Кенжебаева бүгінгі күнге дейін тергеу амалдары кезінде бала өліміне қатысты бір ауыз сөз қозғалмай отырғандығын айтып қапаланады.Ол аздай бала өлімі туралы ақпарат еш жерде тіркелмеген.Ал, әйел адам қайтыс болғанда 7 айлық бала қайда кетті деген заңды сұрақ туындайды. Егер өлген болса өлгені туралы ақпарат неге жоқ, тірі қалған болса бала қайда деген сұрақ көсе көлденеңдейді.Бүгінде Сағынғаливтер әулетін есеңгіретіп тұрған мәселе осы.БҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы бұл тергеу ісі аяқтала келді деп жауап берді. Іс жақын күндері сотқа жолданады дегенді де қосып қойды.Бұл жерде ана мен бала өліміне қатысты кінәлілер өз жазасын алса екен деген Сағынғалиевтер отбасының өтініші бар.Бұл іс өте күрделі іс.Ауруханада көз жұмған әйелдің өліміне кім кінәлі? Әйелді құтқарып қалуға неге мүмкіндік болмады? Бала өлімі туралы ақпарат неге еш жерде тіркелмеген? 7 айлық бала бұл тұлға болып таңылады емес пе. Шетінеп кеткені туралы ақпарат неге жасырылып қалған? Тізе берсек сұрақ көп.Бұл тергеу ісі немен аяқталары белгісіз.Қалай болғанда да обалы мен сауабы көөп істің бірі. Бұл істің бір жағында бір күнде әйелі мен баласынан айырылған отағасының көз жасы мен әйелдің артында жетім қалған төрт баланың обалы жатыр.Әрине түсінгенге.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.