БҚО-да күні бүгінге дейін 288 браконьерлік қылмыс тіркелген. Табиғатты қорғау полициясының келтірген дерегіне сүйенсек, құқық бұзушылықтың 223-іне қатысты әкімшілік хаттама толтырылса, 65-і бойынша қылмыстық іс ашылыпты. Браконьерліктің көбі заңсыз аң аулау немесе балық аулау фактілері. Және тәртіп сақшылары облыс аумағында 217 мың киіктің тіркелгенін айтады. Табиғат пен мемлекетке залал келтірмей аң аулауға болады. Қыркүйектің бесінен бастап аң аулау маусымы басталды. Аталмыш науқанда аңшылар тиісті құжатын реттеп, арнайы рұқсатнаманы сатып алуы тиіс. Аңшылардың барлық құжаты түгел болуы шарт.
Сурет ғаламтордан жүктелген.