Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алтын көрсе, періште жолдан таяды

c 11:52, 15/10/2020 c 713

0:00 / 0:00

Қазақстанда алтын ұрлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Мәжіліс депутаты Альберт Рау бас прокурорға жолдаған сауалында алтынның заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Депутаттың айтуынша алтын өндіретін кен орындарынан алтын ұрлаушылар саны артып, өндіріске орасан шығын келтіріп отыр.

Алтын өндіретін кен орындарында  шикізатты ұрлау фактілері өршіп тұр. Бұл алтЫн өндірісіне орасан зор шығын келтіріп отыр. Мәжіліс депутаты Альберт Рау Бас прокурорға жолдаған сауалында  Ақмола өңіріндегі Қазақалтын кен орнында орын алып отырған мәселені қозғады. Алтынды заңсыз өндіріп алып жатқандардың әрекеті ұрлықпен тең. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15АЕК айыппұл салып немесе  15 күн қамауға алу шаралары қарастырылған. Бірақ бұның өзі алтынқұмарлардың заңсыз әрекетіне кедергі бола алмауда. Депутаттар мұндай деректер еліміздің өзге де кен орындарында орын алатынын айтады.

Альберт Рау-ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Ақмола облысыныдағы «Қазақалтын» тау-кен концерні» Акционерлік қоғамында жағдай ушығып тұр. 2015-2020 жылдар аралығында кен орны аймағында 32 мың алтын ұрлаушы ұсталды.Бұл кәсіпорында үлкен шығынға әкеп отыр»

Әрине алтынның үстінде отырып, күн көрісіне нәпақа таба алмай отырған жергілікті тұрғындар бұл заңсыз әрекетке амалсыздың күні үшін барады. Жұмыс жоқ. Күн-түн шахтада жұмыс істейді. Денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті жұмысты істеуге мәжбүр. Алтын өндіру тәсілі өте ауыр және қауіпті еңбек екені мәлім. Ал алтынды заңсыз өндірушілер  кен орнында жарылғыш заттарды қолданады. Бұның өзі қылмыстық іс қозғайтын жағдай. Себебі, кен орны ауылды мекендерге және елордаға жақын екендігін ескерсек, жарлығыш заттарды қолданудың қаупі зор дейді  мәжілісмен Альберт Рау. Осы орайда Қазақстанда бағалы металлдың заңсыз айналамы үшін жауапкершілікті күшейтіп, қылмыстық жауапқа тарту нормасын қайтаруды ұсынды. Себебі, мұндай норма Қылмыстық Кодекстен алынып тасталған болатын.

Альберт Рау-ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Осылайша бағалы металлдардың заңсыз айналымы, алтын өндіріп отырған кәсіпорындардың жұмысын қиындатып, шығын батырып отыр. Жоғарыда айтылған мәселені назарға ала отырып, алтын ұрлаушылардың жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз. Бұл жағдайда екінші рет немесе одан да көп қолға түскен ұрыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды күшейту қажет».

Өткен жылдың ақпан айы мен осы жылдың тамыз айы аралығында 5700 аса алтын шикізатын ұрлаушы ұсталып, полицияға берілді. Оның 4 473 осы ұрлығын қайталап отырғандар. 3697 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.