0:00 / 0:00
Бүгінгі күннің таңымен келіп жеткен суыт хабар елді дүрліктірді. Таңғы жетіде Алматы түбінде әуежайдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады. Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Полиция әзірге 12 адамның қаза болғанын хабарлап отыр. Бұл ұшақ Бекэйр компаниясына қарасты. Көз жұмғандар арасында генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров пен республикалық интернет-порталдың шығарушы редакторы Дана Круглова бар. Үкімет басшысы Асқар Маминнің жетекшілігімен комиссия құрылды. Апат себебін тергеу басталып кетті. Қаза болғандардың туғандарына көңіл айтқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, кінәлілер жазаланатынын айтты. Президент шұғыл отырыс өткізіп, елдегі барлық әуе компанияларына тексеру жүргізіледі деді.Сондай-ақ, апатта қаза болғандардың отбасыларына 4 млн теңге көлемінде көмек берілетінін айтты.